Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов мемлекеттен қазақстандықтардың теңгелік депозитіне 10 пайыздық сыйлықақы төлеуге қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов мемлекеттен қазақстандықтардың теңгелік депозитіне 10 пайыздық сыйлықақы төлеуге қарсы шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"2022 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 6,7 триллион теңге болса, есептелген сыйлықақы мөлшері 700 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін. Менің ойымша, бұл дұрыс идея емес. Банктерде жинақтары бар азаматтарды қолдаймыз, яғни бюджет қаражаты шынымен де, мемлекет қолдауын қажет ететін азаматтар санатына бағытталмайды", - деді Жамалов премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында.
Ол сыйлықақы төлеуді алып тастап, қаражатты халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға және әлеуметтік төлемдерді инфляция деңгейіне дейін индексациялауға жұмсауды ұсынды.
Сондай-ақ, Жамалов қор биржасында Ұлттық банк қатысатын сауданы жабуды ұсынды.
"Ұлттық банк рубльге байланысты девальвация жүргізуге тырысып жатқан сияқты. Мұнай барреліне 100 доллар болса, кез келген жағдайда теңгенің экономикалық негізделген бағамы бір доллар үшін 420-440 теңге шамасында болады. Бірақ біз Ресейге еріп, бірге үрейленіп жүреміз. Экспорттаушылар, импорттаушылар, инвесторлар, алыпсатарлар – валюта нарығының барлық қатысушысы қорқып, бағдарсыз отыр. Ұлттық банк теңгерілген айырбас бағамының мәнін тіпті шартты түрде атай алмайды, сондықтан ол аукционға қатыспауы керек деп ойлаймын", - деді депутат.
Теңгелік депозиті бар қазақстандықтарға сыйлықақы төленеді - Үкімет
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!