Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев әлеуметтік желідегі парақшасына таяуда Нью-Йоркте өткен Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне өз ақшасына барып келгенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Парламент Мәжілісінің депутаты Мұхтар Тінікеев әлеуметтік желідегі парақшасына таяуда Нью-Йоркте өткен Геннадий Головкиннің жекпе-жегіне өз ақшасына барып келгенін жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанаға ұшар алдында түсірілген мына сурет депутаттың instagram-нда жарияланды. Оған Тінікеев "Үйге!", - деген жазба қалдырған. Дәл осы сурет Facebook желісіндегі парақшасында пайда болды, алайда ондағы жазба өзгеше.
"Мылжыңдарға, өз ақшама ұшып келдім - ертең жұмысқа оралам", - деп жазды оқырмандарына Мұхтар Тінікеев. Бұл хабарлама арқылы мәжілісмен "халық қалаулысы шетелге қандай ақшаға ұшып барып келеді" деген көптеген сұраққа жауап бергісі келгенге ұқсайды. Айта кетейік, мәжілісменнің парақшасына бес мыңға жуық оқырман жазылған.
Айта кетейік, Мұхтар Тінікеев қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің жанкүйерлерінің бірі. Ол Головкин жекпе-жектерінің барлығына дерлігінде болған. Мұхтар Тінікеев үшін Геннадий Головкин жерлес қана емес сияқты. Депутаттың әлеуметтік желілердегі парақшаларына жарияланған суреттеріне қарағанда, оларды көп жылдық достық байланыстырады.
"#GGG-мен Достығымыз үшін мақтанамын", - деп жазды Тінікеев Instagram желісіндегі мына суреттің астына.
"#GGG досымнан сыйлық". Мұхтар Тінікеевтің Instagram желісіндегі парақшасынан алынған сурет. Достықтың тағы бір дәлелі.
Бұл сурет Геннадий Головкин мен Давид Лемьенің салмақ өлшеуін күтіп тұрған сәтте түсірілген. Айта кетейік, қазақстандық боксшы канадалықты сегізінші раундта нокаутпен жеңді.
"Жекпе-жекті күтіп...", - деп жазды Тінікеев жазылушыларына.