11 қазан 2023 | 12:40

Депутат Толықбай вагондары тозған пойыздар туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай "ҚТЖ" АҚ-ның вагондары әбден тозғанын, жазда халық оған билет таппай қиналатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай "ҚТЖ" АҚ-ның вагондары әбден тозғанын, жазда халық оған билет таппай қиналатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Cовет заманынан қалған ескі вагондар сүйретіліп әлі жүр. Темір жол вагонының 60 пайызы тоз-тозы шыққан. Көлік министрлігі оларды 2030 жылға дейін жабдықтаймыз дейді. Бірақ біздің "ҚЖТ-ға" бәрібір. Өйткені шекелері шалқып жүрген менеджерлерге "Қазақстан темір жолының" құны көк тиын. 26 жылда жарытпаған саланы 7 жылда жарылқайды дегенге жан баласы сенбейді. Өйткені айтатындары - ертегі мен аңыз. 2030 жылға дейін қала вагондарының 80 пайызы тозып, екі қолымызды мұрнымызға тығып отырмасымызға кепілдік бере аласыз ба, министр мырза?" - деді депутат.

Ол бұл вагондарға отыру арман болатынын әрі мемлекеттен саланы субсидиядауға қомақты қаржы бөлінетінін жеткізді.

"Терезесі ашылмайтын, кондицонерлері істемейтін, қабырғасында тарақандар жүретін ескі вагондардың өзіне жаз мезгілінде билет таппайсың. Баға өте жоғары. Сөйте тұра, билетті субсидиялауда жыл сайын сытырлатып миллиард санап береміз. Пойыздар жиі кешігетінін айтпай-ақ қояйын. 1-2 сағат кешігу үйреншікті жайт болып қалған. Сөйте тұра, туризмді түлетеміз дейміз. Бізде туристік маршруттарға арналған стратегиялық жоспар керек. Ескі Қазақстанның мұрасы болып қалған темір жол мәселесін қашан шешесіздер? 26 жыл күттік. Әлі қанша күтеміз? Қазаққа заманауи вагондарға кезексіз тиімді бағада мінетін күн туа ма?" - деді Мақсат Толықбай.

Сұраққа көлік министрі Марат Қарабаев толық жауап беруге тырысты.

"Мақсат Мәлікұлы, қазір жалпы Қазақстан бойынша 2567 вагон жұмыс істеп тұр. Олардың тозу деңгейін - 48 пайыз. Сіз "оларды қашан жаңартамыз" деп сұрақ қойдыңыз. Биыл 50 жаңа вагон алдық. Қазір келісімшартқа қол қойдық. Келесі жылы тағы 100 вагон болады, қосымша 157 вагонды алуды пысықтап жатырмыз. Сонда тек биыл және алдағы жылда 304 жаңа вагон болады. Бұдан басқа, 2025 жылдан бастап Еуропадағы ең заманауи Stadler (Штадлер) компаниясының жалпы 537 вагонын алуды жоспарлап отырмыз. Қазір 2567 вагонның үстіне тағы 804 жаңа вагон алуға қазір қол қойылып отыр. Қосымша вагон алу мәселесін әлі пысықтаймыз. Нәтижесінде қазір (вагондардың) орташа пайдалану мерзімі 18 жыл болса, қолымыздағы бар келісімшартқа сәйкес (вагондардың орташа пайдалану мерзімі) 13 жылға дейін төмендейді. Бұл - қол қойылған нақты келісімшарттар", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети