15 мамыр 2023 | 12:13

Депутат ҰҚК басшысының орынбасарына қаңтар оқиғасына қатысты сауал тастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжілістің жалпы отырысында ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Көлқобаевқа қаңтар оқиғасынан кейін шенділерді тазарту туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжілістің жалпы отырысында ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Көлқобаевқа қаңтар оқиғасынан кейін шенділерді тазарту туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өткен жылдың қаңтар айындағы қайғылы оқиға кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің көптеген қызметкерлері, оның ішінде жоғары буын өкілдері де қажетті жауапкершілік пен дербестік танытпады. Оның үстіне, олардың кейбіреулері бірқатар қылмыстарға қатысты. Комитеттің беделін түсірген қызметкерлерден тазартуда және болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін сіздің бөлімшеңіз қандай шаралар қабылдайды?", – деп сауал қойды депутат Марат Бәшімов.

ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Көлқобаев қазір ҰҚК-нің 11 қызметкері қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқанын, кейбір істер бойынша тергеу аяқталып қойғанын айтты.

"Сонымен қатар, ҰҚК қаңтардағы оқиғаға байланысты жедел түрде ауқымды қызметтік тексеру жүргізді.Тәртіптік талаптарға, қызметті атқару тәртібіне, оның ішінде лауазымды тұлғаларға жауапкершілікке тартуға елеулі өзгерістер енгізілді. Бұл заң жобасына да бірқатар түзетулер енгізілген. Шенеуніктердің іс-әрекетінің алгоритміне байланысты және оларды патриотизмге тәрбиелеуге бағытталған", - деп жауап берді Көлқобаев.

Бәшімов Елбасының жалпы әскери жиында «қолбасшыларда, әсіресе кіші және орта буын командирлерінде бастамашылдық, дербестік сияқты қасиеттерді тәрбиелеу қажет» деп айтқанын еске салды. Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев сарбаздар мен офицерлер қабылдаған шешімдері үшін жауапкершіліктен қорықпау керектігін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети