06 қараша 2014 | 14:18

Депутат үшем босанғандарға кезектен тыс баспана беруді ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Deti.mail.ru ©Deti.mail.ru

Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов үшем босанған аналарға кезектен тыс баспана беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның пленарлық отырысынан.


Иконка комментария блок соц сети

Парламент Сенатының депутаты Қуаныш Айтаханов үшем босанған аналарға кезектен тыс баспана беруді ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның пленарлық отырысынан.

"Біздің елде қазір үшемдер көп туылып жатыр. Жыл сайын елде 40-50 үшем дүниеге келеді. Жергілікті атқарушы органдар үшем босанған аналарды қолдап, оларға отын, азы-түлік және басқа да қажетті заттар ұсынып, қолдау білдіреді. Бірақ үшем босанған аналарды үймен қамтамасыз ету турасында заңнамалық деңгейде нормалар қарастырылмаған. Біз қазір заңнамалық норманы алдын ала қарауымыз керек, онда үшем немесе одан да көп бала босанған аналарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан немесе жергілікті атқарушы органның жеке тұрғын үй қорынан жалға алған үйін кезектен тыс үй алуға құқық беру туралы қаралуы керек", - деді ол "ҚР тұрғын үй қатынастары жөніндегі кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылау кезінде. Бұл заңнаманы депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

Сенатордың айтуынша, үшем босанған аналарға кезектен тыс үй беру үшін жыл сайын 400-500 миллион теңге бөлу керек. "Құрметті Ерболат Асқарбекұлы, қатысып отырған құрметті үкімет өкілдері, біздің өтінішімізді премьер-министр Кәрім Қажымқанұлына жеткізулеріңізді сұраймыз. Менің ойымша, үшем босанған аналарға баспана беруге қаржы табу қиын шаруа емес", - деді ол. Депутат мемлекеттік қордан баспана алуға бірінші кезегіне батыр аналар да кіруі керек екенін айтты. 

Мұнымен бірге, Айтахановқа заң жобасының мемлекеттік қордан баспана алуға кезекке тұру үшін азаматтан сол қалада кем дегенде 3 жыл тұруы талап етілетіні туралы нормасы ұнамады. "Әрине, мұндай шектеулер Астана мен Алматыда жарамды шығар, бірақ басқа қалаларға жарамсыз. Себебі ауыл тұрғындары білім алу үшін, жұмыс табу үшін, емделу үшін қалаға келеді. Бұл заңды. Тізімделу үшін қалада 3 жыл тұруы керек деген шектеу - құқығына қол сұғушылық, тіпті дискриминация, бұл біздің Конституциямызға қайшы келеді. Мұнымен қатар, көпшілік қалаларда босап тұрған үй детіп артылады, біз оларды дұрыс қолдануымыз керек. Біз кедергілерді қолдан жасамауымыз керек, бұл біздің әлеуметтік саясатымызға қайшы келеді. Біз керісінше азаматтарымызды баспанамен қамтамасыз ету жолдарын ойластыруымыз керек", - деп мәлімдеді депутат. 

Ол сонымен бірге, жеке тұрғын үй құрылысы үшін қазақстандықтарға жер беру қажет екенін айтты. "Инфрақұрылымның жоқтығы себебінен жеке азаматтарға жер берілмейді. Соның салдарынан баспана алуға кезекте миллионнан астам адам тұр", - деді Айтаханов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети