1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Депутат вице-министр Бюрабекованың қызметтен кетуіне қатысты пікір білдірді24 қыркүйек 2020, 16:41

Людмила Бюрабекова Людмила Бюрабекова

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекованың қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Смирнованың пікірінше, бұрынғы вице-министр өз әрекеті үшін жауап беруі керек. 

Депутат Людмила Бюрабекованы вице-министр болған кезде "отандық фармацевтика өнеркәсібін дамытуға мүмкіндік бермеді, қазақстандық ғалымдардың аспаптары мен препараттарына клиникалық зерттеулер жүргізуге кедергі келтірді" деп айыптады.

Оның айтуынша, Бюрабекова "шетелдік дәрі-дәрмектерді көрші мемлекеттерге қарағанда бірнеше есе қымбат бағамен ұсынған", әрі "зертханалардың бір желісінде ПТР талдаудың бағасын 20 мың теңгеге көтерген".

"Менің ойынша, ол қызметінен жай алынған жоқ. Осы әрекеттері үшін жауап беруі керек", - деп жазды депутат.

Еске салайық, 2020 жылдың сәуірінде Людмила Бюрабекова денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын. Ал кеше, 23 қыркүйекте Үкімет қаулысымен Бюрабекова қызметінен босатылған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!