16 қараша 2016 13:22

Депутаттар балалар үйіне аяқасты тексеріс жүргізіп отыру идеясын қолдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Blogtime.kz © Blogtime.kz

Депутаттар балалар үйіне аяқасты тексеріс жүргізіп отыру идеясын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Депутаттар балалар үйіне аяқасты тексеріс жүргізіп отыру идеясын қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Парламенттің төменгі палатасының депутаты Ирина Смирнова үкімет пен ҚР-дағы Балалар құқы бойынша уәкілден елдегі барлық балалар үйіне тексеріс жүргізуін сұрады.   

"Соңғы кездері балалар үйіндегі зорлық көрсетудің факторлары белгілі бола бастады - психологиялық, физикалық, сексуалдық сипатта. Тәрбиешілердің балаларға, жасы үлкен тәриеленушілердің кішілерге зорлық көрсету фактілері анықталып жатыр. Жетім балаларға қатысты зорлық көрсету әдетке айналып барады. Жетім және кемтар балалар жылдап жәрдемақы алмайды, тамақты тойып ішпейді, ал өкімет бөлетін киімді жыртылғанша киеді. Бұл туралы прокуратура тексерістерінің қорытындысы бойынша белгілі болды", - деп оқыды Ирина Смирнова депутаттық сауалын.

"ҚР Балалар құқы бойынша уәкіл Зағипа Балиеваның балалар үйлерінде аяқ асты тексерістер өткізу ойын толықтай қолдаймыз", - дейді депутат.

Ирина Смирнова Білім және ғылым министрлігі, Бас прокуратура мен қоғамдық балалар үйіне тексеріс жасауы қажет деп есептейді. Сонымен қатар, ол жетім балаларды отбасыларға орналастыру қажеттігін еске салып, жетімдер үйінен бала асырап алған отбасыларына демеу көрсету керектігін айтты. 

"Бүгінде патронат отбасыларына айына 20 мың теңге беріледі. Ал балалар үйіне осы уақытқа 150 мың теңге бөлінеді. Егер асырап алушы отбасыларға бара-бар ақша төленсе балалар үйі жабылып қалуы әбден мүмкін", - деп атап өтті Смирнова. 

Сонымен қатар, ол Қазақстанда жетім және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар тәрбиеленетін 106 мекеме барын және онда алты мыңнан астам бала өмір сүріп жатқаны туралы мәлімет келтіре кетті. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети