Депутаттар бизнес несиелерін қайта қаржыландыруды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутаттар бизнес несиелерін қайта қаржыландыруды сұрады © business-vector.info

Депутаттар мемлекеттік органдарды пандемия кезінде зардап шеккендердің бизнес несиелерін жылдық 6 пайызбен қайта қаржыландыруға шақырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутаттар мемлекеттік органдарды пандемия кезінде зардап шеккендердің бизнес несиелерін жылдық 6 пайызбен қайта қаржыландыруға шақырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Депутат Азат Перуашев 1 қыркүйектегі Жолдауда Қасым-Жомарт Тоқаев экономиканың зардап шеккен секторларында ШОБ-тің барлық кредиті бойынша пайыздық мөлшерлемелерді жылдық 6 пайызға дейін төмендетуді тапсырғанын еске салды. Бұл мақсаттарға қосымша 200 миллиард теңге бөлінген, ал субсидиялау бағдарламасының жалпы көлемі 800 миллиард теңгеге дейін екен.

"Бұл тапсырма кәсіпкерлік қоғамдастықта үлкен шу тудырды. Биыл пандемиямен күрестен басқа, ең ауыр экономикалық дағдарыс болғаны ешкімге құпия емес.

"Атамекен" ҰКП мәліметінше, пандемиядан бір миллионнан аса кәсіпкер зардап шекті, яғни тіркелген бизнес субъектілерінің үштен екісі төтенше жағдайға байланысты қызметін тоқтатса, 430 мыңнан аса кәсіпкер локдаунға байланысты жұмысын тоқтатты, олардың басым бөлігі әлі күнге дейін өз жұмысын қайта бастамаған", - деді Перуашев Мәжілістің жалпы отырысында.

Депутаттың айтуынша, көлік, сауда және қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану, қонақүй бизнесі, жылжымайтын мүлікке қатысты қызмет түрлері көп зардап шекті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети