Депутаттар энергетикалық сусындар сатылымын шектеуге дауыс берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутаттар энергетикалық сусындар сатылымын шектеуге дауыс берді Midjourney

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынады. Тиісті заңды бүгін Мәжіліс депутаттары қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін мәжілісмендер "Кейбір заңнамалық актілерге ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды екінші оқылымда қабылдады.

Осы заң жобасы аясында сөз сөйлеген депутат Елнұр Бейсенбаев Қаржы мониторингі агенттігінің деректеріне сілтеме жасап, 200 мыңнан аса кәмелетке толмаған балалар ұдайы құмар ойын ойнағанын айтты.

"Бұл жасөспірімдер энергетикалық сусындарға есеңгіреген күйде бәс тігуі мүмкін. Энергетиктер алкогольден де қауіпті болып барады. Қазір 10 жастағы бала да энергетикалық сусынды оңай сатып ала алады. Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында 21 жасқа толмаған тұлғаларға энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынды", - деді депутат.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети