©Тengrinews.kz
Парламент Мәжілісінің депутаттары Ұлы Отан соғысы ардагерлерін коммуналдық төлемдерден босатуды ұсынды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның жалпы отырысынан. "Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңында бізге өмір сыйлаған құрметті ақсақалдарымызды қуантайық, бұл - олардың жақсылығына риза халық пен ұлы елге жарасатын іс. Қарағандылықтар сияқты оларды коммуналдық төлемдерден түгел босатайық. Олар суды, жылуды, электр қуатын тегін пайдалансын", - деді Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл өзінің Премьер-министрдің атына жолдаған сауалында. Ол бүгінде батырлардың қатары азайып бара жатқанын атап өтті. "Елімізде қазір осындай 6300 адам ғана қалды, олардың көбі 90 жастан асты. Мәскеуді қорғаған, Киевті азат еткен, Еуразияға тыныштық әкелген батырлар, қаһармандар бүгінде ақсақал болып отыр", - деді депутат.
Парламент Мәжілісінің депутаттары Ұлы Отан соғысы ардагерлерін коммуналдық төлемдерден босатуды ұсынды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі палатаның жалпы отырысынан.
"Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарсаңында бізге өмір сыйлаған құрметті ақсақалдарымызды қуантайық, бұл - олардың жақсылығына риза халық пен ұлы елге жарасатын іс. Қарағандылықтар сияқты оларды коммуналдық төлемдерден түгел босатайық. Олар суды, жылуды, электр қуатын тегін пайдалансын", - деді Мәжіліс депутаты Алдан Смайыл өзінің Премьер-министрдің атына жолдаған сауалында.
Ол бүгінде батырлардың қатары азайып бара жатқанын атап өтті. "Елімізде қазір осындай 6300 адам ғана қалды, олардың көбі 90 жастан асты. Мәскеуді қорғаған, Киевті азат еткен, Еуразияға тыныштық әкелген батырлар, қаһармандар бүгінде ақсақал болып отыр", - деді депутат.