Депутаттар мектептегі буллингтің алдын алу жолдарын ұсынды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутаттар мектептегі буллингтің алдын алу жолдарын ұсынды

Мәжіліс депутаттары мектептегі буллингтің алдын алу жолдарын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары мектептегі буллингтің алдын алу жолдарын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Amanat фракциясының депутаттары премьер-министр Әлихан Смайылов пен Бас прокурор Берік Асыловқа мектептегі буллингке алаңдаушылық білдіріп, депутаттық сауал жолдады.

"Зерттеулерге сәйкес, Қазақстанда әрбір үшінші оқушы қорлық көреді. Өз-өзіне қол жұмсау саны бойынша біз әлемде алдынғы орындарда екенімізді білесіздер. Ата-аналар мен мектеп балаларды тәрбиелеуге және оларды сыныптастары мен ересектердің қорлауынан қорғауға жауапты. Берік Ноғайұлы, жоғарыда аталған істерді қатаң бақылауға алып, айыпталушылардың жазадан қашып кетпеуін қамтамасыз етуіңізді, сонымен қатар, оқиғаның мән-жайын жасырғандардың жазалануын қадағалауыңызды сұраймыз", - делінген өтініште.

Депутаттың айтуынша, психологтардың санын көбейтіп, оларға тиісті жұмыс жағдайын жасау жағдайды жақсартады.

"Үкіметтің № 77 қаулысына сәйкес мектептерде тек екі психолог жұмыс істейді. Психологтардың оқушылармен, ата-аналармен және мұғалімдермен жүргізетін жұмысын ескере отырып, 250 оқушыға 1 психолог келетіндей етіп нормативтік-құқықтық өзгерістер енгізу қажет. Сонымен қатар, психолог мамандарын даярлау курстарының мазмұны мен ұйымдастырылуы жағынан сапасын арттыру құралдарын қарастыруыңызды сұраймыз", - делінген өтініште.

Сондай-ақ, мәжілісмендер халықтың әлеуметтік осал тобынан шыққан отбасылар мен қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмысты үйлестіретін әлеуметтік педагогтар санын көбейтуді ұсынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети