Депутаттар оқушылардың денсаулығын дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің төмен жалақысымен байланыстырды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Мектеп түлектерінің денсаулығында ақау болуы мен жасөспірімдердің есірткіге әуестігі дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің тым аз айлық алатынына байланысты. Бұл туралы мәжілісмен Берік Дүйсембинов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мектеп түлектерінің денсаулығында ақау болуы мен жасөспірімдердің есірткіге әуестігі дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің тым аз айлық алатынына байланысты. Бұл туралы мәжілісмен Берік Дүйсембинов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ресми статистикаға сай түлектердің 80 пайызының денсаулығында ақау бар, сонымен қатар, олардың арасында есірткі мен алкогольге әуестігі бар. Бұл мәселе жастардың бос уақытын дұрыс пайдаланбаудан шығады. Қазіргі уақытта жастардың 30 пайызы ғана спортпен шұғылданады екен. Дамыған елдерде бұл көрсеткіш - 70 пайыз. Зиянкес әдеттерден жастарды аулақ ұстау үшін спортқа тарту керек", - деді Дүйсембинов өзінің ресми сауалында елдің премьер-министріне.

Оның айтуынша, балалардың спортқа жақын болмауы дене шынықтыру пәні мұғалімінің аз айлық алуынан пайда болған. "Егер мұғалімнің жұмысын қаржылай бағалайтын болсақ, ол бір дене шынықтыру сабағы үшін 500 теңге алады. Бұл жағдайда дене шынықтыру пәні мұғалімі - бір үйдің асыраушысы әрі ер адам екенін ескеру қажет. Басқа ұйымдарды салыстыратын болсақ, оларда бір сағат жаттығу 5 мың теңге тұрады, сол себепті ата-аналар секцияларға балаларын жібермейді. Дене шынықтыру пәні мұғалімінің деңгейі мен статусын жоғарылату қажет. Әрине барлық бала олимпиада чемпионы бола қоймас, бірақ олар өздері үшін спортпен айналысатын болады", - деді депутат. 

Дүйсембинов мұғалімдердің сабақтан тыс жаттығулар өткізгені үшін 7 мың теңге айлық алатынын айтты, алайда 2015 жылы бұл ереже алып тасталған. 

Еске салайық, биыл ақпанда депутаттар орта мектептердегі мұғалімдердің жалақысын өсіруді сұраған. Білім министрі Ерлан Сағадиев осы жалақыны қалдырып, сабақтардың санын азайтуды ұсынған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer