Депутаттар Петропавл атауын Қызылжар деп өзгерту туралы ойын айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутаттар Петропавл атауын Қызылжар деп өзгерту туралы ойын айтты Фото – Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаттары Петропавл атауын Қызылжар деп өзгерту туралы ұсынысқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары Петропавл атауын Қызылжар деп өзгерту туралы ұсынысқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәжіліс кулуарында журналистер ұсынысқа депутаттар қалай қарайтынын сұрады.

Ермұрат Бапидің айтуынша, халықтың бастамасы мақсатқа жетуі керек.

"Бірінші кезекте мұндай ұсыныс азаматтардан, қала тұрғындарынан түсуі тиіс. Егер тұрғындар мәселені өздері көтеріп, мыңдаған дауыс жинап, оларды Парламентке, билікке берсе, онда орындауда ешқандай проблема жоқ. Бұл бастама өз мақсатына жетуі керек деп санаймын. Петиция құрып, Үкіметке, мемлекетке сұрақ қою керек. Мен дайынмын (бұл мәселені Парламентте көтеруге. - еск.), мұнда ешқандай проблема жоқ", - деп түсіндірді депутат.

Журналис сауалына жауап берген депутат Айдарбек Қожаназаров мысалға туған қаласын келтіруді жөн көрді.

"Мен Қостанайданмын, бізде Федоров, Урицкий ауданы, Ленин ауданы болды. Бірақ Урицкий ауданында тұрғындардың өздері Сарыкөл ауданы деп атауды өзгертуге бастамашы болды. Ал Федоровте, керісінше, бұрынғы атауы сақталды. Біз халықаралық елміз және барлық мүддені ескеруіміз керек. Атап айтқанда, онда тұратын адамдардың мүддесін (Петропавл. - еск.) және ол туралы ойларын", - деп есептейді мәжілісмен.

"Ақ жол" фракциясының жетекшісі Азат Перуашев "Әкімшілік-аумақтық құрылымдардың атауы Мемлекет басшысының құзырында" екенін қысқаша атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети