18 желтоқсан 2014 | 18:17

Депутаттар рубль бағамына байланысты алаңдамауға шақырады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Депутаттар қазақстандықтарды рубль бағамына байланысты алаңдамауға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Депутаттар қазақстандықтарды рубль бағамына байланысты алаңдамауға шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ҚР Парламенті Мәжілісінің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің төрағасы Гүлжан Қарағұсова теңге мен рубльдің тікелей байланысы жоқтығын айтып отыр. "Біздің теңге рубльге тікелей байланысты емес. Иә, балама салдарлары болуы мүмкін, бірақ біздің тіпті алтын-валюта резервтерімізде де рубль жоқ. Ал балама салдарлар өзіміздің байбалам сала бастап кеткен жағдайымызда болады, ал кәсіпкерлер теңге алып, долларға айырбастап, доллардың Ресейде қымбат болуына байланысты сол елге барады, содан кейін сол жақта рубльге аударып, зат сатып алып жатыр. Бірақ бұл жергілікті тұрғындарға жақсы, ал ел үшін - зиян, өзімізде бар жағдайды өзіміз өршітіп отырмыз", - деп мәлімдеді Қарағұсова тілшілерге.  

"Рубльмен байланысты болып жатқан жағдайдың басты себебі экономиканың нәтижесі емес, брокерлердің саяси алыпсатарлық әрекеттерінің нәтижесі" деген сөз бекер айтылған жоқ, мұнда тек ресейлік брокерлердің емес, сыртқы брокерлердің әрекеттері, себебі электронды саудаға қатысуға бәрінің де құқы бар. Біз өзіміз де қазір дүрлігу туғызып жатырмыз", - деді депутат.

Ол Назарбаевтың Қазақстанның қаржы нарығын инфляцияны шектеу және экономиканы доллардан арылту сияқты негативті жағдайлардан қауіпсіздендіруге шақырған сөзі туралы екі тезисті ескертті. 

Қарағұсова өз сөзін аяқтап жатып, азаматтарды тағы да сабырға шақырды. "Рубль құнсызданып жатыр, иә. Иә, біз 1 қаңтардан бастап Еуразиялық экономикалық одақтамыз. Бірақ біздің теңге рубльге байланған жоқ (...). Бірақ біз оның үстіне байбалам салсақ, бізде құрбандықтар болады", - деді ол.

Депутат Мұхтар Тінікеев те бұл жағдайдың экономикалық емес, саяси мәні бар деп есептейді. "Әрине, бұл қандай да бір жолмен Қазақстанға әсер етуі мүмкін, себебі біз әлемдік экономикалық өркениетте өмір сүріп жатырмыз", - деді ол.

Ол Қазақстан үкіметінің жоспары жайлы айтып берді. "Қазіргі уақытта, менің білуімше, премьер-министр қаржы министрлігіне елдің бюджетін 40 долларға дейін есептеуге (мұнай бағасы туралы - Авт) тапсырма берді. Мұнайдың бағасын 80 доллар болатын бюджетті қабылдадық па, онда, меніңше, үкімет бюджетті түгел есептеу үшін таяуда бізге келеді", - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық экономика министрі тілшілерге үкіметтің Қазақстанның бюджетін қайта қарау әзірше жоспарланып отырмағанын айтқан болатын. 

Депутат Тінікеев Қазақстанның "Нұрлы жол" атты жаңа бағдарламаны өз уақытында қабылдауына назар аударды. Оның айтуынша, бұл бағдарлама ел экономикасына әлемдік дағдарыстан аздаған шығынмен шығуға мүмкіндік береді. 

"Жол құрылысының өзінде ғана 200 мың жұмыс күші ашылады, ал ол жерде 7 бағыт бар! Бұл адамдарға өз жұмыс орнында қалуға, жалақы сақтап тұруына мүмкіндік беретін тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, энергетика және тағы да басқалар, мұнда зейнеткерлерге, бюджеттік мекеме жұмысшыларына және тағы да басқаларға әлеуметтік кепіл сақталады. Ал егер біз ұлттық қордан алып пайдаланбасақ, бұл қаржыны инфляция жеп қояр еді де, өзге мемлекеттерден өзге бір пайыздармен алар едік. Сондықтан бұл Президенттің дана шешімі деп есептеймін", - деді Тінікеев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети