Депутаттар Руслан Берденовтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:parlam.kz Фото:parlam.kz

Мәжіліс депутаттары Берденовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттары Берденовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Руслан Берденовтың жаңа қызметке тағайындалғанын еске салды.

"2025 жылғы 25 ақпанда Шымкент әкімі Руслан Берденовті Шымкент әкімінің орынбасары қызметіне тағайындады. Осыған байланысты ОСК сіздердің қарауларыңызға Мәжіліс депутаты Берденов Руслан Арысбекұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс енгізеді", – деді Смағұлов Мәжілістің пленарлық отырысында.

Депутаттар бұл ұсынысты қолдап дауыс берді, ал 92 депутаттың екеуі дауыс беруден қалыс қалды. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Руслан Берденовке алғыс хат табыстады.

"Барлық депутаттардың атынан Мәжілістегі белсенді қызметі үшін Руслан Арысбекұлына алғысымды білдіремін", – деді Қошанов.

Өз кезегінде Руслан Берденов әріптестеріне алғыс айтып, өңірде күтетіні туралы айтты.

Еске салайық, Берденов Мәжілістен басқа жұмысқа ауысуына байланысты кететінін хабарлаған болатын. Сол күні ол Шымкент әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Руслан Берденов 2023 жылғы наурызда Respublica партиясынан Мәжіліс депутаты болып сайланған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course up  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro