Сенат отырысында депутаттар Заң жобасына қатысты сын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенат отырысында депутаттар Заң жобасына қатысты сын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сенаттың жалпы отырысындағы талқылау кезінде Ерлан Нығматулин Парламентке келетін заң жобаларының дайындалу сапасын сынға алды.
"Мен соңғы уақытта Парламентке түскен заң жобаларының сапасына назар аударғым келеді. Бүгінде заң жобасын жасаушылардың дайындығы туралы сөз етсек, келісілмеген, нақты емес, қарама-қайшы фактілер кездесіп жүргенін айтуға болады", - деді Ерлан Нығматулин.
Ерлан Зайроллаұлы 20 наурызда Сенат депутаттары "Азаматтық қорғаныс туралы" заң қабылдап, бірқатар заңдар, оның ішінде қазір қайта енгізіліп отырған нормалар жойылғанын атады.
Ал Қожахмет Баймаханов Өңірлік даму министрі Болат Жәмішев Сенатқа әкелген "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру жүйесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын таныстырған соң, сын айтты.
"Осыдан бір ай бұрын қабылдаймыз деп енді келіп оны алып тастасақ елден ұят емес пе?! Мәжіліс пен Сенатта талқыланады. Дауыс беріп бекітеміз. Осыны қабылдағаннан кейін бәрі аяқтала ма?", - деді ол. Тіпті, Сенат депутаты Болат Жәмішев әкелген заңның кемшіліктерін тізе келе "Бұл екі заң жобасы 10 келі қағаз" деді.