06 сәуір 2016 | 16:18

Депутаттардың неліктен "Бейжің сарайы" қонақүйінде тұрып жатқаны түсіндірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты Айқын Қоңыров бұған дейін ақпарат құралдарында пайда болған, яғни сайланған депутаттардың "Бейжің сарайы" қонақүйінде уақытша тұрып жатқандары туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Парламент Мәжілісінің VI шақырылымына 64 жаңа депутат кірді. 


Иконка комментария блок соц сети

Парламент Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты Айқын Қоңыров бұған дейін ақпарат құралдарында пайда болған, яғни сайланған депутаттардың "Бейжің сарайы" қонақүйінде уақытша тұрып жатқандары туралы ақпаратты растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Парламент Мәжілісінің VI шақырылымына 64 жаңа депутат кірді. 

Қоңыровтың айтуынша, ол өзі жеке пәтерінде тұрып жатыр.

"Басқа жақтан келгендерге, оларға беріп жатыр (пәтерді - Авт.). Олар уақытша қонақүйде, пәтерлер дайын болғанда, олар көшеді. Бізден, біздің фракциядан ("Халық коммунистері" фракциясы - Авт.), Смирнова қонақүйге жайғасты, ал қалғандары осында, орындарында", - деді депутат журналистерден бұл қонақүйде тұрудың бір тәуліктік ақысы шынымен де 100 мың теңгеден жоғары ма деп сұрап.

"Ол жерде тендер жүргізіледі. Менің ойымша, бастапқы баға 120 мың, содан кейін төмендетіледі. (...) Стандарт бойынша, пәтерлерде жөндеу жұмысын жүргізу қажет. Жөндеуден кейін пәтер біраз тұруы керек. Болды, біраз тұрған соң тұрғын үй комиссиясы бірінші кезекте Пекин Паласта тұрып жатқандарға баспана береді. Сонымен болды", - деді Қоңыров.


Қонақүйдегі қалыпты номер. © soluxe-astana.kz

Сонымен қатар, Мәжілістің вице-спикері Владимир Божко да жаңадан келген депутаттардың "Бейжің сарайы" қонақүйінде тұрып жатқанын айтты.

"Нақты санын білмеймін. Бірақ ертең комиссия кеңесіп, депутаттар өздерінің жеке пәтерлеріне көшеді. Кімге қандай пәтердің берілетіні анықталады. (...) Басқа жақтан келгендер, олар өткен аптада шыққан. Осы аптада пәтерлер бойынша шешім қабылданып, олар көшеді", - деді Божко.

Айта кетейік, Tengrinews.kz тілшісімен сұхбат барысында депутат Геннадий Шиповских те "Бейжің сарайы" қонақүйінде тұрып жатқанын растады. 

- Сіздерді осындай қонақүйге жайғастырғанда таңғалдыңыз ба?

"Бұған дейін "Нұрсаядағы" (депутаттарға арналған тұрғын үй кешені - Авт.) тұрғын үй мәселесі шешілгенше уақытша жайғастырамыз деп ескертті. Қайталап айтайын, мен өзім сондай адам емеспін... Мен бұл жерде жайлылық үшін жүрген жоқпын, бізге ол ең бастысы емес, мен бұл жерде жұмыс істеу үшін жүрмін", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети