Депутаттарға жаңа құқық беріледі: Президент заңға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Депутаттарға жаңа құқық беріледі: Президент заңға қол қойды Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аудандық, қалалық және ауылдық мәслихаттардың дербестігі мен жауапкершілігін кеңейтетін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аудандық, қалалық және ауылдық мәслихаттардың дербестігі мен жауапкершілігін кеңейтетін заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.

Жаңа заңға сәйкес, бірыңғай жер салығы, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем, жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ жер учаскелерін жалдау құқығын сатқаны үшін төлем енді аудандық бюджеттерге түсетді. 

Өзгерістер мәслихаттардың қызметіне де қатысты болмақ. Сессия төрағасының қызметі жойылады. Ал мәслихаттардың шешімдерін енді әділет органдарында тіркеудің қажеті жоқ.

Заңда жазылған тағы бір жаңалық елді мекендер мәртебесінің өзгеруіне қатысты. Қала бес жыл, ал ауылдар үш жыл бойы талаптарға сәйкес келмесе, статусынан айырылады.  

24 маусымда Сенат отырысында палата спикері Мәулен Әшімбаев заң ауылдық, аудандық және қалалық деңгейдегі билікке жаңа мүмкіндіктер беретінін айтқан болатын. Бұл маңызды жергілікті мәселелерді жедел шешуге де көмектеседі. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети