14 сәуір 2014 | 21:04

Десантшылардың бригадалық-тактикалық оқу-жаттығуларлары басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен алынды Фото ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен алынды

Бүгін еліміздің қарулы күштерінің Аэромобильді әскерлерінде бригадалық-тактикалық жаттығулар басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін еліміздің қарулы күштерінің Аэромобильді әскерлерінде бригадалық-тактикалық жаттығулар басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес бригадалық-тактикалық оқу-жаттығулар 2014 жылғы 14-18 сәуір аралығында өтеді. Оқу-жаттығулар бірнеше кезеңнен тұрады.

2014 жылғы 14 сәуірде Аэроұтқыр әскерлері толық жауынгерлік әзірлікке келтірілді және шартты жауынгерлік іс-қимыл аудандарына жеткізілді. Жауынгерлік аудандарға жорық жасау барысында десантшыларды басқару, өзара әрекет ету, бөлімшелердің ауызбірлігі мәселелері шешіледі және түнде Іле өзенінен жүзіп өтеді. Аэроұтқыр әскерлерінің төрт гарнизоны үш бағыт бойынша көпшақырымды жорық жасайды.

"Өткізілетін оқу-жаттығудың ерекшелігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет техниканы өзен арқылы түнде алып өту болып табылады. Оқу-жаттығуларға барлығы 2 мыңнан астам әскери қызметкер, 500 жауынгерлік машина қатысады, олардың ішінде 100-і – бронды техника", - дейді еліміздің  Құрлық әскерлері Бас штабының басшысы, генерал-майор Әділбек Алдабергенов.

Жаттығу барысында су бөгетін басып өтпестен бұрын бөлімшелер қарсыластың күшін анықтау мақсатында жергілікті жерге барлау жасайды. Содан кейін инженерлік-саперлер бригадасының мамандары жағалау аймағын минадан арылту жұмыстарын жүргізеді. Шартты қарсыластың тылына тікұшақтан парашютпен әуе десанттары түсіріледі.

Қарама-қарсы жағада орналасу және негізгі күштерді тастау үшін ыңғайлы жағдай жасау мақсатында әскери барлау және десанттық-шабуылдау батальоны Іле өзенін кесіп өтеді. Ауыр және дөңгелекті техниканы инженерлік бөлімшелер бекіткен қалқымалы көпір арқылы алып өтеді.

2014 жылғы 17 сәуірде оқу-жаттығудың белсенді фазасы барысында Аэромобильді әскерлер батальоны әскери іс-қимылдарды тауда өткізеді, пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып рейдтік іздестіру жұмыстарын, аталған аудандарда тазалау жұмыстарын жүргізеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети