Еліміздің қарулы күштерінің Аэромобильді әскерлерінде 14 сәуір күні басталған бригадалық-тактикалық жаттығулары сәтті өтуде. Жаттығу жұмыстары 18 сәуір күні өз мәресіне жетеді.
Еліміздің қарулы күштерінің Аэромобильді әскерлерінде 14 сәуір күні басталған бригадалық-тактикалық жаттығулары сәтті өтуде. Жаттығу жұмыстары 18 сәуір күні өз мәресіне жетеді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес бригадалық-тактикалық оқу-жаттығулар бірнеше кезеңді қамтыды.
Жаттығуға қатысушы десанттар жауынгерлік аудандарға жорық жасау барысында өзара әрекет ету, бөлімшелердің ауызбірлігін нығайту әрекеттері арқылы сынаққа түсті. Аэроұтқыр әскерлерінің төрт гарнизоны үш бағыт бойынша көпшақырымды жорық жасап, жаттығу барысында Іле өзенінен жүзіп өткен болатын.
"Өткізілетін оқу-жаттығудың ерекшелігі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихында тұңғыш рет техниканы өзен арқылы түнде алып өту болып табылды. Оқу-жаттығуларға барлығы 2 мыңнан астам әскери қызметкер, 500 жауынгерлік машина, олардың ішінде 100-і – бронды техника қатыстырылды" дейді еліміздің Құрлық әскерлері Бас штабының басшысы, генерал-майор Әділбек Алдабергенов.
Жаттығу барысында десанттар қарсыластың күшін анықтау мақсатында жергілікті жерге барлау жасап, бұдан кейін инженерлік-саперлер бригадасының мамандары жағалау аймағын минадан арылту жұмыстарын жүргізді. Шартты қарсыластың тылына тікұшақтан парашютпен әуе десанттары түсірілді.
Қарама-қарсы жағада орналасу және негізгі күштерді тастау үшін ыңғайлы жағдай жасау мақсатында әскери барлау және десанттық-шабуылдау батальоны Іле өзенін кесіп өтіп, ауыр және дөңгелекті техниканы инженерлік бөлімшелер бекіткен қалқымалы көпір арқылы алып өтті.
Қазірде оқу-жаттығудың белсенді фазасы барысында Аэромобильді әскерлер батальоны әскери іс-қимылдарды тауда өткізуде. Бұл жаттығу барысында десантшылар пилотсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып рейдтік іздестіру жұмыстарын, аталған аудандарда тазалау жұмыстарын жүргізуде.