Дэвид Кэмерон Астанаға ұшып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дэвид Кэмерон Астанаға ұшып келді Фото: facebook.com/DavidCameronOfficial

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға ресми сапармен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің достастық және халықаралық даму істері жөніндегі СІМ басшысы Дэвид Кэмерон екі күндік сапармен Қазақстан астанасына келген.

Астанада болған кезінде Кэмеронды ел басшылығы қабылдап, премьер-министрдің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу келіссөздер жүргізеді.

Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланған. Сонымен қатар, сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтіледі.

Айта кетейік, бұл Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің Қазақстанға бірінші сапары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.44  course down  598.8  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети