Алматыда Дикий Арман мен өзге де айыпталушылардың ісі бойынша алдын ала тыңдау аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда Дикий Арман мен өзге де айыпталушылардың ісі бойынша алдын ала тыңдау аяқталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Айыпталушыларға билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны (ҚК-нің 362-бабы), ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны, оған басшылық жасағаны және оған қатысқаны (ҚК-нің 262-бабы), тонағаны (ҚК-нің 191-бабы), заңсыз бас бостандығынан айырғаны (ҚК-нің 126-бабы), 2022 жылғы қаңтардағы жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны және оған қатысқаны (272-бап ҚК), бандитизмге (ҚК 268-бабы) қатысты айып тағылды.
Сот отырысы барысында сотқа процеске қатысушылардан сотталушыға қатысты бұлтартпау шараларын өзгерту және жою, қылмыстық істі қайтару және тоқтату, жақын туыстарын қорғаушы ретінде тану туралы 100-ден аса өтініштер келіп түсті.
"Сондай-ақ, 10 жәбірленуші, бір куәгер және іс бойынша бір сотталушы сотқа процесті жабық режимде өткізу туралы өтініш білдірді. Олар өздерінің өмірі мен отбасылары мен жақындарының қауіпсіздігі үшін алаңдаушылық білдірді. Көрсетілген өтініштер сот тарапынан қанағаттандырылды. Негізгі сот талқылауы 6 қазанға белгіленді", - делінген соттың баспасөз қызметі хабарламасында.
Еске салайық, 2022 жылдың қаңтарында Арман Жұмагелдиев бес адамнан тұратын қылмыстық топпен бірге 2022 жылдың 7 қаңтарында арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Содан кейін күдіктілерден әртүрлі маркадағы қару-жарақ, сондай-ақ оқ-дәрілер, жүзді қарулар мен броньды көлік тәркіленді. Осы уақыт бойы Дикий Арман қамауда болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!