Димаш Досанов "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Димаш Досанов "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі компанияның қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
"ҚазТрансОйл" АҚ Директорлар кеңесінің 2016 жылдың 5 тамызындағы шешімімен "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры Нұртас Шмановтың құзыреті оның 2016 жылдың 1 тамызынан бастап "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ мұнай тасымалдау жөніндегі вице-президенті болып тағайындалуына байланысты мерзімінен бұрын ақяталды", делінген хабарламада.
Директорлар кеңесінің шешімімен 2016 жылдың 6 тамызынан бастап "ҚазТрансОйл" АҚ бас директоры болып Димаш Досанов тағайындалды.
Димаш Досанов 1981 жылы Алматыда дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы қазақ экономикалық университетін тәмамдаған. Іскерлік әкімшілік бойынша магистр дәрежесі бар. Қазақ, орыс, ағылшын және итальян тілін біледі.
Досанов 2016 жылдың қаңтарынан бері "ҚазТрансОйл" АҚ бас директорының бірінші орынбасары қызметінде болды.