Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясымен қайда оқиды?

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясы бойынша қайда оқитыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Халықаралық бағдарламалар орталығының" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Димаш Құдайберген "Болашақ" бағдарламасы бойынша Лос-Анджелестегі New York Film Academy-да "Режиссура" мамандығы бойынша тағылымдамадан өтеді.

Бұған дейін Димаш Құдайберген "Болашақ" стипендиясын алғаны белгілі болған еді.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, қазақстандық режиссер әрі клипмейкер Айсұлтан Сейітов та New York Film Academy-да білім алған.

Еске салайық, 2022 жылдың үшінші легінде шәкіртақы 178 қазақстандыққа берілген. Оның ішінде 78 адам әлемнің үздік жоғары оқу орындарының магистратурасына, 6 адам докторантурасына түсті. 110 стипендиат "Тағылымдама" бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама