Димаш Құдайберген Қытайдағы кинофестивальде қызыл кілемде жүріп өтті

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Димаш Құдайберген Қытайдағы кинофестивальде қызыл кілемде жүріп өтті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы Beijing College Student Film Festival кинофестивалінің қызыл кілемімен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайдағы Beijing College Student Film Festival кинофестивалінің қызыл кілемімен өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әнші Instagram парақшасында әлемдік шоу-бизнестегі жұмысын жалғастыру үшін араға екі жыл салып Қытайға оралғанын айтты.

"Дүниежүзілік карантинге байланысты бұл кездесуді екі жыл күттік. Мен бір айға жуық оқшауландым. Осы уақыт ішінде алда Қытайдағы өз командаммен бірге жүзеге асыратын түрлі жоспарлар дайындадым. Алда әр түрлі концерттерге қатысамын. Әлемнің барлық елдеріндегі телебағдарламалардың қонағы боламын (егер карантинге байланысты концерттер мен телебағдарламаларды түсіруге тыйым салынбаса). Иә, бүкіл әлемде болған карантин менің жоспарыма да әсер етті, жанкүйерлерімді алда өз жұмысыммен қуантатын боламын", - деді Құдайберген

Димаш кинофестивальге құрметті қонақ ретінде қатысты. Кеш барысында жанкүйерлерге қолтаңба беріп, сахнада Screaming әнін орындады. Сондай-ақ, қытайлық БАҚ-қа берген сұхбатында, екі жыл ішінде Қытайдағы жанкүйерлерін сағынғанын, елге келгеніне қуанышты екенін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЕВРАЗИЙСКИЙ ФАН-КЛУБ (@dimash_eurasianfanclub)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЕВРАЗИЙСКИЙ ФАН-КЛУБ (@dimash_eurasianfanclub)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети