16 шілде 2021 14:12

Димаш Құдайберген металлургтерді құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстандық әнші және композитор Димаш Құдайберген ERG кәсіпорындары металлургтеріне бейнеқұттықтау жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әнші және композитор Димаш Құдайберген ERG кәсіпорындары металлургтеріне бейнеқұттықтау жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Танымал әнші металлургтерге зор денсаулық, бақыт, шыдамдылық пен табандылық тіледі.

"Маңызды миссияны орындау үшін темірдей ерік-жігер қажет. Бүкіл ел экономикасының дамуы сіздердің өнімді жұмысыңызға тікелей байланысты. Сол арқылы мемлекетіміздің дамуына үлкен үлес қосасыздар. Сондықтан мен сіздерді осы тамаша кәсіби мерекемен құттықтаймын", - деді әнші.

Димаштың шығармашылық жолы ERG-мен тығыз байланысты. Ол бірінші жүлделі орнын 2000 жылы "Қазхром" ТҰК" ұйымдастырған "Айналайын" корпоративтік фестиваль-конкурсында өнер көрсетіп, иеленген.

Айта кетейік, қазір Димаш Құдайберген Белорусьтің Витебск қаласында. Онда "Славян базары" фестивалі өтіп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети