Димаш Ниязовтың қатысуымен Түркістанда халықтық кеңсе ашылды

23 Қараша 2019, 17:50
0
Димаш Ниязовтың қатысуымен Түркістанда халықтық кеңсе ашылды -

Бүгін Түркістан қалалық Полиция басқармасының жанынан тұрғындарды қабылдауға арналған халықтық-кеңсе салтанатты түрде ашылды, - деп хабарлайды "Отырар"

Жаңа ғимараттың ашылуына ҚР ІІМ Қоғамдық кеңес мүшесі Марат Қоғамов, ҚР мониторингтік топ басшысы Айгуль Соловьева, Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Қайрат Дәлбеков және Нью-Йорк қаласының үздік полицейі, жерлесіміз Димаш Ниязов, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары М.Базарқұлов, Түркістан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бастығы Хаким Көшқалиев, ІІО-ның ардагерлері мен жеке құрам қатысты.

Ашылу салтанатында алғы сөз алған полиция генерал-майоры Қ.Дәлбеков «Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты 16 ауданда заманауи үлгідегі халықтық-кеңселер ашылды. Қазіргі таңда олар тұрғындар үшін өз қызметтерін жасауда. Полицияның ашықтығы мен қолжетімділігін көздейтін халықтық-кеңселерде облыс бойынша бүгінгі күнге дейін мыңдаған азаматтарға көмек көрсетті»-деп атап өтті. Сонымен қатар, іс-шараға қатысқан құрметті қонақтар да полицейлердің халық үшін атқарып жатқан ауқымды істеріне оң бағасын беріп, Түркістан облысы полицейлерінің мәртебесі қашанда биік екендігін айтты.

Халықтық-кеңсе - полицияның ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Мұнда тұрғындар полицияға қатысты көкейдегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар ала алады. Яғни әрбір арыз-шағым кезексіз осы жерде қаралып, тиісті мамандарға жолданатын болады. Халықтық-кеңсе азаматтардың игілігі үшін қызмет ететін болады. Аталған фронт-офисте жеке құрам және тергеу, әкімшілік полиция құрылымы, құжаттамамен қамтамасыз ету бөлімінің мамандары тұрғындарды қабылдайды.

Азаматтар аптаның дүйсенбісі мен жұма күндері аралығында таңғы 09:00-ден кешкі 19:00-ге дейін жұмыс жасайтын кеңсеге келіп, полиция қызметіне байланысты сұрақтарына жауап, мәселелеріне құқықтық-кеңестер алады. Заманауи нысанда халыққа ыңғайлы болу үшін барлық жағдай жасалған және бейнебақылау жүйесімен қамтылған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай