"Димаштан кейін ештеңеге таңғалмаймын" - қазақстандықтың "Голос" жобасындағы өнеріне Градский баға берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Димаштан кейін ештеңеге таңғалмаймын" - қазақстандықтың "Голос" жобасындағы өнеріне Градский баға берді Видеодан алынған кадр

Ресейлік "Голос" жобасында Қазақстандық Әділхан Макиннің өнері қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. Ол Александр Градскийдің командасының мүшесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейлік "Голос" жобасында Қазақстандық Әділхан Макиннің өнері қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды. Ол Александр Градскийдің командасының мүшесі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділхан Алла Пугачеваның "Не отрекаются любя" әнін орындады. Қазылар алқасымен әңгіме барысында 27 жаста екенін және Петропавл қаласында тұратынын айтты.

Айта кетейік, көрмей тыңдау барысында қазақстандыққа Дима Билан мен Александр Градский қарады.

Әділханның өнеріне Александр Градский:

"Димаштан кейін ештеңеге таң қалмаймын. Ал бүгін сен мені таң қалдырдың. Жоғарғы регистр тенорға ұқсайды, орта регистр баритонға ұқсайды, төменгі бас тәрізді. Бұл өте сирек кездесетін дауыс", - деді Градский.

Еске салайық, Әділхан Макин Витебскіде өткен "Славянский базар - 2019" халықаралық фестивалінің жеңімпазы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

"Димаштан кейін мен ештеңеге таң қалмаймын" - қазақстандықтың "Голос" жобасында  өнер көрсетуін Градский жоғары бағалады

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети