Дін істері комитетінің төрағасы тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дін істері комитетінің төрағасы тағайындалды Шойкин Ғалым

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы сайланды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы сайланды, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2016 жылдың 3 қарашасындағы №1 бұйрығымен Дін істері комитетінің төрағасы болып Шойкин Ғалым Нұрмағамбетұлы тағайындалды", - делінген таратылған хабарламада.

Шойкин Ғалым 1977 жылы 1 қазанда Кокшетау облысында туған. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2000), Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясын (2004), Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының Философия және саясаттану институтының аспирантурасын бітірген.

Саясаттану ғылымдарының кандидаты (2005).

2000 жылы - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының оқутышысы.

2001 жылы - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаментінің жастар саясаты бөлімінің бас маманы.

2002-2004 жыолдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Жастар саясаты департаментінің ақпараттық-талдау бөлімінің бастығы.

2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің саяси жоспарлау секторының бас сарапшысы.

2006-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің қоғамдық-саяси жұмысы секторының меңгерушісі. Сонымен қатар, өзінің негізгі жұмысымен қатар 2008 жылдың 1 шілдесінен бастап 2011 жылға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің хатшы қызметін қоса атқарды.

2009-2012 жылдары -  "Нұр Отан" ХДП Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2012 жылдың 19 сәуірінен бастап Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети