Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады - Бас прокуратура

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дина Таңсәрі Черногориядан пана сұрады - Бас прокуратура Фото: t.me/dina_tansari

Бас прокуратура Дина Таңсәрі Черногориядан баспана сұрағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бас прокуратура Дина Таңсәрі Черногориядан баспана сұрағанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, 15 сәуірде Черногория соты Дина Таңсәріні осы елден баспана сұраған өтініші қаралмағандықтан қамаудан босатқан.

"Қазақстан Республикасы мен Черногория Республикасы арасында ұстап беру туралы халықаралық шарт болмағандықтан, оны экстрадициялау туралы шешімді Черногорияның құзыретті органдары ұлттық заңнамасына сәйкес қабылдайды", - деді Бас прокуратура өкілдері.

Қазір Қазақстанда Дина Таңсәріге қатысты қылмыстық іс бойынша соталды тергеу мерзімдері тоқтатылған.

Еске салайық, бұған дейін "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәрі (Динара Смаилова) Черногорияда ұсталғанын мәлімдеді. Ол 14 сәуірде Астана уақытымен шамамен 18:30-да видеоүндеу жолдап, полиция бөлімшесінде отырғанын айтып, 15 сәуірде экстрадиция мәселесі бойынша сот өтетінін хабарлады.

Артынша Черногория билігі "НеМолчи.kz" қорының басшысы Дина Таңсәріні (Динара Смайылова) қамаудан босатты.

Дина Таңсәрі қандай күдікке ілінген?

Тергеу деректеріне сүйенсек, Динара Смайыловаға қатысты алты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Ол алаяқтық, жеке өмірге қолсұғылмаушылықты бұзу және жалған ақпарат тарату бойынша күдікке ілінген.

Сот оны аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деп сырттай күдікті деп танып, оған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын тағайындаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети