Динара Сәтжан "Хабар" агенттігінің бас продюсері болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Динара Сәтжан "Хабар" агенттігінің бас продюсері болады

Танымал қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан "Агентство "Хабар" АҚ бас продюсері болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал қазақстандық тележүргізуші Динара Сәтжан "Агентство "Хабар" АҚ бас продюсері болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен Ерлан Бекхожиннің осы лауазымға қабылдау ұсынысына келістім. Ресми тағайындау күні бұйрыққа қол қойылғаннан кейін белгілі болады", - деді Сәтжан.

Динара Сәтжан - қазақстандық журналист, тележүргізуші, fashion-продюсер, қазақстандық мультибренд дүкендер желісінің иесі, сондай-ақ Dinara Satzhan Fashion Group брендінің иесі әрі блогер.

"Хабар" телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі болып кеңінен танымал болды. "Қазақстан аруы-2008" байқауының жеңімпазы, "Статус QUO" және "Sky Студия" бағдарламасының авторы және жүргізушісі.

2017 жылы "Қазақстан" ТРК Басқарма төрағасының кеңесшісі ретінде Qazaqstan Ұлттық телеарнасының ребрендингімен айналысты.

2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қоғамдық кеңесінің мүшесі, сондай-ақ Астанадағы Kazakhstan Fashion Week жобасының серіктесі болып табылады. "#Динара Сәтжанмен Немишлен" жобасының авторы және жүргізушісі.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети