Динара Щеглова ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Динара Щеглова ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды © primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Үкіметінің қаулысымен Динара Ринатқызы Щеглова ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.

Динара Щеглова 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келген.

2004 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, 2007 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2012 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін тәмамдаған.

Мамандығы бойынша - менеджмент, ақпараттық жүйелер бакалавры.

Еңбек жолын 2001 жылы бастаған. Түрлі жылдары коммерциялық құрылымдарда еңбек еткен.

2008–2009 жылдары ҚР-дағы Дүниежүзілік банк өкілдігінде кеңесші қызметін атқарған.

2011 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі аралықта - "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" АҚ бас менеджері, ақпараттандырудың сервистік моделі департаментінің директоры, басқарушы директоры, басқарма төрағасының кеңесшісі лауазымдарын атқарған.

2018 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі таңға дейін "Зерде" ҰИХ" АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети