Алматы облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың экипажына диспетчер көру мүмкіндігінің нашар екенін ескерткен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Аспан" әуе компаниясының иесі Андрей Косолапов айтып берді.

"Қазір біз көлікпен апат болған жерге қарай бара жатырмыз. Тікұшақ әуежайға дейін бар-жоғы екі шақырым қалғанда ауа райының нашарлығына байланысты қонып, апатқа ұшырады. Дегенмен диспетчер оған көру мүмкіндігінің нашар екенін ескерткен. Бірақ пилот қону туралы шешім қабылдады. Тікұшақ радиобағанаға соққан, салдарынан бортта болғандар қаза тапты. Өте өкінішті жағдай", - деді ол.
Косолаповтың айтуынша, компанияда осы типтегі төрт тікұшақ болған, қазір тек үшеуі қалды. Еске салайық, 27 қаңтар күні Алматы облысында тікұшақ апатқа ұшырады. Бортта болған бес адам түгелдей қаза тапты.