02 маусым 2023 | 11:49

"Диванда отырып сынамай, белсене араласу керек" - ІІМ басшысы полицияға деген сенім туралы айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенімі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов қазақстандықтардың құқық қорғау органдарына сенімі туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"... Қазақстандықтардың біздің полицияға деген сенімі артты ма" - деп сұрады журналистер елорда әкімдігінде өткен жиында Ішкі істер министрлігі басшысынан.

Журналистің сұрағына жауап берген Марат Ахметжанов "диванда отырып сынамай, белсенді араласуға" кеңес берді.

"Сізден сұрайын деп едім, сізге сезіле ме? ("Жоқ" - журналист жауабы. - еск.) Жарайды, жақсы. Сенім ең бастысы, бірақ ол үшін ортақ (шешім) қажет. (...) Бүгінгі криминогендік жағдайды алайық – елімізде қасақана адам өлтіру 50 пайызға азайған. Біз жаяу жүргіншілер өлімін 25 пайызға азайтқан интеллектуалды жүйені жасадық. Егер сіздер бұны сезбесеңіздер, көрмесеңіздер, онда кім көретінін білмеймін... Сондықтан, диванда отырып сынамай, үнемі көріп, қарап, белсене араласу керек", – деп пікір білдірді Марат Ахметжанов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети