Дизельдік отын тапшылығы жоқ - Бозымбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дизельдік отын тапшылығы жоқ - Бозымбаев © Тұрар Қазанғапов

Дизель отынының орташа бағасы елімізде 188-189 теңге аралығында, Қазақстанда дизельдік отын тапшылығы жоқ. Бұл туралы энегетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дизель отынының орташа бағасы елімізде 188-189 теңге аралығында, Қазақстанда дизельдік отын тапшылығы жоқ. Бұл туралы энегетика министрі Қанат Бозымбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бәлкім Астанада көтерілген де шығар (дизель бағасы), алайда елімізде көтерме баға орташа есеппен 188-189 теңге. Мен күн сайын еліміздегі барлық жанармай бекеттерінен мәліметтер алып отырамын. Иә, кей жерлерде жоғарғы баға бар, алайда бұл Ресейден импортталған дизель. Бұл негізінен Ресей Федерациясына жақын өңірлерде байқалады. Жалпы дизельдік отын тапшылығы мәселесі жоқ", - деді Энергетика министрі. 

Министр дизель отыны бағасының төмендейтіні туралы болжамдар қарашада сақталатынын айтады. 

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта үщ мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп, тәулік бойы дизель отынын өндіреді және ішкі саудаға жөнелтіледі екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.12  course down  601  course down  6.52  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети