Джек Ма әлемдегі ең бай қытайлық кәсіпкер деген атағынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Джек Ма әлемдегі ең бай қытайлық кәсіпкер деген атағынан айырылды Фото: finance.rambler.ru

Alibaba корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма әлемдегі ең бай қытайлық кәсіпкер деген атағынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Alibaba корпорациясының негізін қалаушы Джек Ма әлемдегі ең бай қытайлық кәсіпкер деген атағынан айырылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Forbes басылымының хабарына қарағанда, қытайлық миллиардерлер тізімінде бірінші орынды онлайн ойындардың ірі дистрибьюторы Tencent Ma Huateng иеленді.

Жыл басынан бері Tencent акциялары  14 пайызға қымбаттап, осы жылдың бірінші тоқсанында ойын бизнесінің кірісі 31 пайызға артыпты.

Коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген шектеулерге байланысты Қытайда мобиль ойындарға сұраныс артқан.

Қазіргі таңда Ма Хуатенгтің байлығы 48,3 миллиард долларға, Джек Маның байлығы 41,2 миллиард долларға бағаланып отыр. 

Наурыз айында ең бай қытайлық кәсіпкерлердің тізімінде Tencent компаниясының негізін қалаушы бірінші орынды иеленген. Бұл кезеңде оның байлығы 44,5 миллиард долларға бағаланған.

Alibaba Group - Қытайдағы ең ірі интернет-компания. 1999 жылдан бері электронды сауда саласында жұмыс істейді. Топтың бірнеше еншілес және онлайн сайттары бар: Alibaba Pictures, Alibaba.com, AliExpress.com, Taobao.com, Tmall.com.

Tencent корпорациясының негізі 1998 жылы негізі қаланған. Компания танымал WeChat мессенджерін, Honor of Kings ойынын, Tencent Music сервисін ойлап шығарған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети