25 шілде 2020 | 11:13

Джипті блокбекеттен "қоңырау" арқылы өткізген полицейлердің видеосы пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Такси жүргізушісі "қоңырау шалу" арқылы блокбекеттен қара джипті өткізген полицейлерді видеоға түсіріп алды. Кадрларға қарағанда, оқиға Ақмола облысында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Такси жүргізушісі "қоңырау шалу" арқылы блокбекеттен қара джипті өткізген полицейлерді видеоға түсіріп алды. Кадрларға қарағанда, оқиға Ақмола облысында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мына машина менімен бірге келді. Полиция қызметкері телефонды алды, қазір оны өткізіп жібереді. Мен ресми таксиде істеймін, тіпті ТЖ кезінде біз өтіп жүрдік. Ал қазір карантин кезінде бізге жүруге рұқсат жоқ. Мен салық төлеймін, ал бұл адам қоңырау шала салды", - деп наразылығын білдірді Instagram-да жарияланған видеоның авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана | Казахстан |Жалобы (@zhaloby.astana)

Кей Желі қолдаланушысы джип жүргізушісі мен полицейлерді қолдап, пікір қалдырған. Біреуі авто жүргізушісі осы ауданда тұрады деп болжаса, басқасы қонақ үйге қоңырау шалып, нөмірі брондалғанын дәлелдегісі келген шығар деді.

"Қазіргі уақытта әлеуметтік желі қолдаланушысының видеосы зерттеліп жатыр. Автокөлік иесі мен көлік құралының курорттық аймаққа өту себебі анықталады", - деп түсіндірді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, Ақмола облысының аумағында тәулік бойы жұмыс істейтін 11 блокбекет  қойылды. Бурабай ауданы ерекше бақылауда, мұнда 6 бекет шоғырланған және 7 мобильді топ жұмыс істейді. Зеренді және Ерейментау аудандары да келушілер үшін жабылды. Соңғы бақылау-өткізу пункттері Сайдалы және Самал көлдерінің жолдарында орналасқан.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети