31 қаңтар 2014 12:20

Джохар Царнаев өлім жазасына кесілуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

сурет Tengrinews.kz сайтынан алынды сурет Tengrinews.kz сайтынан алынды

АҚШ билігі Бостонда жарылыс ұйымдастырған күдікті 20-жасар Джохар Царнаевты өлім жасасына кесуі ықтимал. Бұл туралы АҚШ-тың Бас прокуроры Эрих Холдер мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz CNN сайтына сілтеме жасап. Бас прокурор Эрих Холдердің айтуынша, жазаның ең ауыр түрін қолдану туралы шешім оның іс-әрекетіне және келтірген залалына қарай қабылданып отыр. Еске сала кетейік, 2013 жылдың сәуірінде Бостон марафоны кезінде екі бірдей жарылыстың салдарынан 260-тан аса адам жарақат алып, үшеуі қайтыс болған болатын. Америка билігі бұл терактыны жасуға ағайынды Царнаевтар - Темірлан мен Джохарды басты күдікті ретінде таныған. Ағасы Темірлан полициямен қақтығыс кезінде қайтыс болды. Темірланның інісі Джохар жарақат алып, қолға түсті. Қазір ол қамауда отыр. Джохар Царнаевқа қарсы барлығы 30 айып тағылып отыр, оның 17-сі өмір бойы бас бостандығынан айыру немесе ату жазасын білдіреді. Бұдан бұрын хабарланғандай, кіші Царнаевқа қатысты сот процесі 2014 жылдың күзінде басталуы мүмкін. Алайда Джохар Царнаев бірде-бір пукт бойынша өз кінәсін мойындаған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети