Ресей Федерациясының үкімет төрағасы Дмитрий Медведев 1 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ресей Федерациясының үкімет төрағасы Дмитрий Медведев 1 қарашада Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"1 қарашада Ресей Федерациясының үкімет төрағасы Дмитрий Медведев Қазақстанған ресми іссапармен келеді. Іс-сапар барысында ел басшысымен кездесу күтіледі", - деді Смадияров брифинг барысында.
Оның айтуынша, Қазақстанның және Ресейдің үкімет басшылары қазіргі уақытта екі ел арасындағы сауда-экономикалық, өңіраралық, көлік-транзиттік және мәдени-гуманитарлық саладағы жағдайлары мен келешегін және Байқоңыр кешені жайлы өзара әрекеттерді талқылайды. Сонымен қатар, күн тәртібінде екі ел арасындағы интеграциялық одақтастық мәселесі де талқыланады.