ҚР Дін істері агенттігі биылдан бастап, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жасалатын дін тақырыбындағы телебағдарламалар сценарийіне мониторинг жүргізуге кірісті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
ҚР Дін істері агенттігі биылдан бастап, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жасалатын дін тақырыбындағы телебағдарламалар сценарийіне мониторинг жүргізуге кірісті, - деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан".
"Біз қазір үлкен алаңдармен, авторлық ұжымдармен, сондай-ақ Мәдениет министрлігімен, Байланыс және ақпарат агенттігімен жұмыс істеп жатырмыз. Таратылатын материалдың мазмұнына сенімді болу үшін біз оларды өзімізге жолдауын сұраймыз", - деді Агенттік төрағасының орынбасары Ерлан Абдақасов сейсенбі күні Астанада журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта ведомствоның ғылыми-әдістемелік кеңесі сарапшыларының қарауында бірнеше көркем әрі деректі фильм жатыр. "Бұған қоса, Атырау облысындағы спектакль қойылымының үлгісі бар, біз оның да сценарийін қараймыз", - деді ол.