Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
KASE күндізгі саудасының қорытындысы бойынша, доллардың орташа сараланған бағамы 2,17 теңгеге төмендеп, 450,80 теңге болды. Айта кетейік, доллардың 21 ақпандағы ресми бағамы - 452,94 теңге.
kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 450,42 теңгеге, сатылымы 452,12 теңгеге тең. Астанадағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 449,44 теңгеден сатып алынып, 453,50 теңгеден сатылып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!