Доллар бағамының қымбаттауы Астана мен Алматы айырбас пункттерінде дүрлігу туғызбады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Доллар бағамының қымбаттауы Астана мен Алматы айырбас пункттерінде дүрлігу туғызбады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақша айырбастау орындарындағы кассирлердің айтуынша, адамдардың жаппай келуі әзірше байқалмады. Оңтүстік астанадағы ақша айырбастайтын орындардың біріне жарты сағатта бес адам келді. Олар америкалық валютаны теңгеге ауыстырды. Олардың барлығы 100-200 доллар көлемінде ғана ақша ауыстырып алды.
"Маған кішігірім шығындар үшін ақша керек. Тамақ ішуге, жолыма", - деді ақша айырбастаушылардың бірі.
Алматы
Астана. © Tengrinews.kz
Еске сала кетейік, бүгін қазақстандық ақша айырбастау орындарында доллар бағамы 300 теңгеден асқан болатын. Kurs.kz мәліметтері бойынша, шетелдік валютаның мұндай құны Алматыдағы ақша айырбастау орындарында сағат 10.50-дегі жағдай бойынша тіркелді. KASE таңғы сессиясында доллар бағамы 298,92 теңге болды. Бірінші келісім 291 теңгемен жасалды. Ең жоғары баға - 300. Сауда көлемі 100,8 миллион доллардан асты. Саудаға валюта нарығының 22 мүшесі қатысты.
Айта кетейік, 2015 жылдың 4 қарашасында KASE кешкі сессиясында доллар бағамы 287,92 теңгеге жетті. Теңгенің құлдырауы 2015 жылдың 30 қазанындағы KASE кешкі сессиясынан бастап жалғасып жатыр. Ол кезде доллар 279,89 теңге болған еді. 4 қараша күні сағат 13.00-де доллар тарихи рекордты жаңартып, 285,79 теңгеге жетті.
Тарихи рекорд биыл 16 қыркүйекте тіркеліп, бағам 285,77 теңге болған еді. Осыдан кейін Ұлттық банк долларды бір қалыпта ұстау үшін 144 миллион доллар көлемінде интервенция құйды. Мұндай бағамды қаржы реттеушілерді қалыпты деп атады. Айта кетейік, доллардың қымбаттауы ҚР Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов отставкаға кеткеннен бері жалғасып жатыр.