12 ақпан 2014 | 21:43

Доллар бағамының өзгеруіне байланысты Сбербанк есептік мөлшерлемесін қайта қарамайтын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

"Сбербанк басқарма төрағасы Александр Камалов доллар бағамының өзгеруіне байланысты бүгінгі қолданыстағы қарыздың есептік мөлшерлемесін қайта қарамайтындығын мәлімдеді" деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Басқарма төрағасының сөзіне қарағанда, алдағы уақытта қарыздың есептік мөлшерлемесі нарықтық конъюнктураға байланысты болады. Дегенмен, түбегейлі өзгерістер бола қоймайды. Сондай-ақ банк өкілі депозиттер бойынша да түбегейлі өзгерістер қажеттігін көрмей отырғанын жеткізді. "Депозиттік құрылым айтарлықтай өзгерген жоқ, өйткені Сбербанктегі депозиттер жартылай доллармен, жартылай теңгемен. Долларға немесе керісінше теңгеге жаппай ауысу болады деп айтуға болмайды" - деді банктің басқарма төрағасының орынбасары Андрей Тимченко. Доллар бағамының одан әрі өсу, өспеуі туралы қандай да бір болжам жасауды Камалов қош көрмеді. Оның пайымдауынша, банк өкілінің халықты дүрбелеңге салатын ондай болжам айтуы дұрыс болмайды. Алайда, есе жіберіп алғанын айтады. Сондай-ақ "девальвация жайлы кеше ғана естідік" - деді. Банк өкілі "бұл жерде екі түрлі жағдай бар: сыртқы нарыққа тауар шығаратын кәсіпкерлер ұтысқа шықса, ішкі нарықта жұмыс істейтін кәсіпкерлер өздерінің бизнес-стратегиясын қайта қарауына тура келеді" деп болжайды. Сбербанк өз клиенттерін тәуекелге бел бумай, несиені теңгемен алуға шақырады. Айта кетер жайт, 2013 жылдың қортындысы бойынша Сбербанктің активі 40 пайызға артып, 1,35 триллион теңгені құраған. Актив көлемі бойынша банк Қазақстанда бесінші орынды иеленген. Қазіргі уақаттағы банктің жекеменшік активтері 117 млрд теңге. Банктің 530 мың жекелеген және 28 мың корпоративті клиенттері бар.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети