17 сәуір 2019 14:55

"Дос-Мұқасан" солисі "Эйр Астана" қызметшісін ұрған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мұрат Құсайынов, "Дос-Мұкасан" солисі. Фото:instagram.com/dos_mukasan Мұрат Құсайынов, "Дос-Мұкасан" солисі. Фото:instagram.com/dos_mukasan

"Дос-Мұқасан" тобының солисі Мұрат Құсайынов "Эйр Астана" компаниясының қызметші әйеліне қол көтерген. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісіне әуекомпанияның корпоративтік байланыс департаментінің директоры Тілек Әбдірахимов айтып берді. 

Оқиға 14 сәуірде Нұр-Сұлтан - Алматы бағытындағы КС 852 рейсінің ұшағында болған. Әуекомпания өкілдерінің мәлімдеуінше, ұшаққа отырғызу барысында Құсайынов дауыс көтере сөйлеп, балағат сөздер айтқан. Экипаж оны тасымалдаудан бас тартқан соң, ол әуе компаниясы қызметкерлерінің алдында жолаушыларға қызмет көрсету бойынша кезекшілік басшысының маңдайынан ұрған.

"Әуе компаниясы жолаушылардың қызметкерлерге қатысты заңға қайшы әрекеттеріне төзбейді және зардап шеккен қызметкерге жан-жақты қолдау көрсетеді. "Эйр Астана" сотқа дейінгі тергеуді бастап, Құсайыновты жауапқа тартуды сұрап Нұр-Сұлтан әуежайының полиция бөліміне арыз жазды", - деді Тілек Әбдірахимов.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети