21 сәуір 2023 11:37

Досаев Алматы бюджетін 265,4 миллиард теңгеге ұлғайтуды ұсынды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерболат Досаев Алматы бюджетін 265,4 миллиард теңгеге ұлғайтуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ерболат Досаев Алматы бюджетін 265,4 миллиард теңгеге ұлғайтуды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2023-2025 жылдарға арналған қала бюджеті Алматы қаласын дамыту бағдарламасының негізгі басымдықтары негізінде қалыптастырылды. Бюджетті нақтылауға биылдың бірінші тоқсанындағы экономиканың серпінді дамуы негіз болды. Қысқа мерзімді экономикалық көрсеткіш 23,9 пайызға өсті. Экономикалық өсімнің драйверлері сауда (+29,4 пайыз), өңдеу өнеркәсібі (+24,5 пайыз), көлік (+21,8 пайыз) болды. Экономиканың дамуы мемлекеттік бюджет кірістерінің ұлғаюымен қатар жүріп, 32,1 пайызға өсті", - деді Досаев Алматы қаласы мәслихатының депутаттары алдында сөйлеген сөзінде.

Қосымша қаржы көлік инфрақұрылымын қалыптастыруға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңғыртуға, әлеуметтік қамсыздандыруға, білім мен денсаулық сақтауды дамытуға, қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға бағытталатыны айтылды.

"Биыл 1 сәуірден бастап қала деңгейінен аудан әкімдіктеріне 15 қосымша функция берілді. Сонымен бірге жүргізіліп жатқан өкілеттіктерді орталықсыздандыру шеңберінде және ағымдағы нақтылауды ескере отырып, 8 аудан әкімдігінің 2023 жылға арналған бюджеттері бекітілді. 60,4-тен 164,5 миллиардқа дейін 2,7 есеге өседі. Сонымен қатар, аудан әкімдіктерінің штат саны 152 бірлікке ұлғайтылды, оның 56-сы жаңа, 96-сы қалалық басқармалардан ауысты", - деді Ерболат Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети