Досаев Алматы метросының жаңа екі станциясы қашан іске қосылатынын айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Досаев Алматы метросының жаңа екі станциясы қашан іске қосылатынын айтты

Алматы әкімі Ерболат Досаев қаладағы жаңа екі метро станциясы қашан іске қосылатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

Досаевтың айтуынша, жаңа "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" станциялары биылғы мамыр айында іске қосылады.

"Биылғы мамыр айында ашуды жоспарлап отырған екі метро станциясы күнделікті жолаушылар ағынын 30 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады", - деді қала әкімі.

Досаев биыл қалада екі жолайрық пен Әуезов көшесін ұзарту жұмыстары аяқталатынын, Алматыда кемінде 100 шақырым жаңа жол салынатынын және әл-Фараби даңғылындағы құны екі миллиард теңгеге бағаланған жөндеу жұмыстарын тоқтатып, бұл ақшаны басқа мақсаттарға бағыттағанын айтты.

Еске салайық, өткен жылдың 30 желтоқсанында "Сарыарқа" және "Бауыржан Момышұлы" метро станцияларының техникалық іске қосылуы өткен еді.

"Сарыарқа" станциясы "Фэмили" паркінің ауданында орналасқан, терең төселген, пилон типті, қозғалысы шектеулі топтары үшін 2 лифті, 8 экскалаторы бар екі кіру тобынан тұрады.

"Бауыржан Момышұлы" станциясы Абай даңғылының астында, Б. Момышұлы көшесінің батысында орналасқан. Шағын құрылыс станциясы, колонна типті. Ол екі жерасты лоббиінен және алты кіру тобынан тұрады. 6 лифт және 15 эскалатор қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети