Досаев Алматыда жаңа көшелер қалай ұзартылып жатқанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Досаев Алматыда жаңа көшелер қалай ұзартылып жатқанын айтты Фото: elements.envato.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде қаладағы жаңа көшелер қалай ұзартылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесуде қаладағы жаңа көшелер қалай ұзартылып жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің сөзінше, Наурызбай ауданында Абай даңғылы мен Төле би және Жұбанов көшелері ұзарады.

"Абай даңғылы ауданның әкімшілік орталығынан қала шекарасына дейін 600 метрге ұзартылады. 73 жер учаскесін сатып алу қажет, 41 учаске сатып алынды, қалғандары 2023 жылдың соңына дейін құрылыс барысында алынады.

Төле би көшесі ұзартылып жатыр. Биыл Алматы қаласының әкімдігі инженерлік коммуникацияларды қайта орнату және "Алма Сити" тұрғын үй кешенінің ауданында жол төсеу жұмыстарын жүргізетін болады.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың соңына дейін Момышұлы көшесінен қала шекарасына дейін (5,3 шақырым) Жұбанов көшесін ұзартуды жобалау аяқталады", - деді Досаев.

Қала әкімі көпқабатты тұрғын үйлердің көптеп салынуына байланысты сарапшылардың бағалауы бойынша алдағы 5 жылда Наурызбай ауданы халқының саны 150 мың адамға артатынын айтты.

"Осыған байланысты, метро трассасы "Қалқаман" станциясынан "Барлық" базарының жанындағы станцияға дейін Әшімов көшесінің бойымен өзгертілді.

Қазіргі уақытта "Қалқаман" станциясының құрылысы басталды. Ол Абай даңғылымен Ясауи көшесінен батысқа қарай Әшімов көшесіне дейін орналасқан. Аяқтаудың жоспарланған мерзімі - 2025 жыл.

Биыл 14,5 шақырым жолды жөндеу (Шұғыла және Тастыбұлақ шағынаудандарында) және осы жылдың сәуірінде Ақжар шағынауданындағы 89 көшеге 45 шақырым жол төсеу жұмыстары басталды", - деді ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети