Досаев Алматыдағы экологиялық жағдай туралы айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Досаев Алматыдағы экологиялық жағдай туралы айтты

Әкім Ерболат Досаев Алматыдағы экологиялық жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әкім Ерболат Досаев Алматыдағы экологиялық жағдай туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесуде тұрғындардың бірі барлық жаңа үйлердің құрылысын Қонаевке кетіп бара жатқан жолдағы қалашыққа ауыстыруды сұрады. Оның айтуынша, осылайша қаланың экологиясына жүктеме азаяды.

"Мен барлық жаңа көпқабатты құрылысты Gate City-ге көшіруді ұсынамын, яғни Алматыда қала экологиясына жүктемені азайту үшін аз қабатты үйлерді ғана қалдыруды ұсынамын", - деді ол.

Алматы әкімі алдағы жылдарда қала экологиясын жақсартуға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарланып отырғанын айтты.

"Президент бізді жасыл дәліздер мәселесі бойынша қолдады және тапсырма берді. 2025 жылдың соңына дейін бізде дизельмен жүретін бірде-бір автобус болмайды.

Біз сондай-ақ экологиясын да шешеміз. Біз қазір мәселенің оңтайлы шешімін табу үшін институттар мен ғалымдарды тартамыз. Ең бастысы, егер тиімді экологиялық көлік болса және жылыту маусымында көмірден және басқа да қатты отын түрлерінен бас тартсақ, қаладағы жағдайды алдағы үш жылда жақсартамыз деп ойлаймын", - деп сендірді Досаев.

Қалалық "жасыл дәліздерді" құру жөніндегі іс-қимыл жоспары Дүниежүзілік банкпен бірлесіп әзірленіп жатыр. Осы бастамалар шеңберінде жалпыға қолжетімді жасыл кеңістіктердің үздіксіз тізбегін қалыптастыру, сондай-ақ Алматы агломерациясының аумағындағы өзендер мен канал арналары бойындағы көгалдандырылған аумақтарды ұлғайту жоспарланып отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети