Досаев Алматыдағы ғимараттар жер сілкінісіне қаншалық төзімді екенін айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Досаев Алматыдағы ғимараттар жер сілкінісіне қаншалық төзімді екенін айтты Фото Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу Алматыдағы ғимараттардың жер сілкінісіне қаншалық төзімді екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу Алматыдағы ғимараттардың жер сілкінісіне қаншалық төзімді екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы әкіміне қаланың Бас жоспарында ғимараттардың сейсмикаға төзімділігі неге ескерілмегені туралы сұрақ қойылды.

"2021 жылы жаңа сейсмикалық микроаймақтандыру картасы бекітілді, онда барлық ақау бекітілді. Сіз айтып отырған ғимараттар бұған дейін салынған. Алматыда сіз айтып отырған ғимараттарды сейсмикалық күшейту жұмыстары жүріп жатыр, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр. Қазір бәрі ҚазҚСҒЗЖИ бекіткен талаптарға сай. 2017-2018 жылдары аудит жүргізілді. Биылдың екінші жартысында қаланың жаңа сейсмикалық аудитін бастаймыз. Жаңа Бас жоспарға келетін болсақ, 2020-21 жылдары Алматыда жаңа тектоникалық жарылыстар пайда болғанын білесіздер. Жаңа Бас жоспарда барлық қажет сейсмикалық талап, соның ішінде жаңа ақаулар ескерілген: Абай көшесінен жоғары – 10 балл, төмен – 9 балл аймағында", - деп жауап берді Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети