Досаев жол сапасына наразы алматылықтарға жауап берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Досаев жол сапасына наразы алматылықтарға жауап берді Фото:elements.envato.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде жол сапасына наразы тұрғындарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесуде жол сапасына наразы тұрғындарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала басшысы тұрғындардың сауалдарына жауап бермес бұрын баяндама жасады. Ол сапалы ауызсу, кәріз және жол мәселесіне жан-жақты тоқталды.

"Аудан тұрғындары жолдарды асфальттау мәселесін жиі көтереді. Бір жолды екі рет қазып, қайта салу дұрыс емес деп есептеймін", - деді Досаев.

Оның айтуынша, Алатау ауданында тұрғындардың 75 пайызы орталық сумен, 67 пайызы қалалық кәрізбен, 80 пайызы асфальтталған жолдармен қамтылған.

"Бұл желілерді жобалау және салу жұмыстары 2019 жылдан бастап "жаңа Алматы" бағдарламасы аясында жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы Алғабас шағынауданында (бірінші және екінші кезектер) су құбыры және кәріз желілері пайдалануға беріледі. Үшінші тоқсанда Алғабас (үшінші кезек) және Теректі шағынаудандарында желілердің құрылысы басталады. Рахат-Мәдениет және Боралдай шағынаудандарындағы жұмыстарды 2023 жылдың наурыз айында бастау жоспарланып отыр.

Ақбұлақ, Әйгерім-2, Самғау және Шаңырақ-1 шағынаудандарында сумен жабдықтау және кәріз жүйесі аяқталған жоқ. Салынған желілер іс жүзінде жойылмаған ақауларға байланысты жұмыс істемейді, бұл мәселелерді шешу бірнеше жылдарға созылды. Алайда, осы жылдың 10 мамырына дейін бес шағынауданның (Әйгерім-2, Өжет, Самғау, Ақбұлақ, ААМТМ-Алғабас) сумен жабдықтау және кәріз объектілерінің құжаттарын "Алматы Суға" беруді жоспарлап отырмыз", - деп толықтырды Досаев.

Әкім жеке тұрғын үйлерді салуда құрылыс нормаларының сақталмауы және құрылыстың тығыздығы кәріздік сорғы стансаларын салуда қиындықтар туғызатынын атап өтті. Оның айтуынша, көбінесе сот шешімін талап ететін, кедергі келтіретін ғимараттар жобаларды жүзеге асыруды айтарлықтай кешіктіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети